ӨЗІҢДІ САҚТА АКЦИЯСЫ
2022 жылдың 27 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің "Экопатруль" экологиялық тобының ұйымдастыруымен бүгінде қоғам дертіне айналған электронды темекі мен шылым шегудің зиянын оқушыларға түсіндіру мақсатында "Өзіңді сақта!" акциясы өтті. Аталған шарада оқушыларға арнайы экопатруль тобының әзірлеген ақпараттық жаднамалары таратылып, зиянды әдеттен аулақ болуға, электронды темекінің, жалпы шылым шегудің ағзаға қауіпті екені, түрлі қатерлі ауруларды қоздыруға себепші екені баяндалды. Акцияны ұйымдастырушылар оқушыларға бос уақыттарын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстанып, өз өмірлерін сақтап, құрметтеп, жарқын болашақты бірге құруға шақырды.