Skip to content

ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ Дамудың жаңа бағытына бет алған Жаңа…

ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ

Дамудың жаңа бағытына бет алған Жаңа Қазақстан биыл тағы бір мемлекеттік мерекені тойламақ. Күнтізбеге қайта қосылған 25 қазан – Республика күні, шын мәнінде, елдігіміздің, егемендігіміздің айқын нышаны.
Аталмыш мереке қарсаңында Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов түрлі салада ұзақ жыл еңбек етіп, қоғам игілігі үшін аянбай тер төккен жандарды еліміз үшін маңызы ерек Республика күнімен құттықтай келе, алғыс хат табыстады. Бұл марапат саналы өмір жолында талай шәкірт тәрбиелеп, жүрек қалаған мамандығына адалдық танытқан ардагер ұстаздың бірі, мектебіміздің алғашқы директоры Қамаш Сейітжанқызына да берілді. Осы орайда білім саласында ұзақ жыл тер төккен, бүгінде құрметті еңбек демалысына шықса да, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне келгенде аянып қалмайтын Қамаш апамыздың көпке үлгі болар еңбегін лайықты бағалаған елорда әкіміне алғыс білдіреміз.
90-жылдары, қазақ мектептері тапшы болған кезеңде, апайымыз ұлт үшін деген істің басы-қасында жүріп, қазақы дәстүрді сақтап қалуға мол үлес қосты. Үй-үйді аралап, қазақ балаларының болашағы қазақ мектебінде екенін ұғындыра келе, «Көктал» ауданында Марғұлан мектебі іргесінің қалануына бір кісідей атсалысты.
Алда келе жатқан Республика күні құтты болсын, отандастар! Ардақты Қамаш апай, сіз жүріп өткен даңғыл жол – ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын сара жол. Ұрпағыңызбен мың жасаңыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *