РЕСПУБЛИКА КҮНІ
2022 жылдың 12 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Республика күніне орай 4-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыс барысында оқушылар әділ қазы алқаларының бағалау критерийлері негізінде бағаланды. Оқушылар Қазақстан, Отан, туған жер тақырыптарында өлең шумақтарын оқыды. Әділ қазы алқалары оқушылардың өлең шумақтарын оқу барысында олардың мәнеріне, дауыс ырғағына, екпініне назар аударды. 4-сынып оқушылары барынша белсене түрде ат салысты. Мәнерлеп оқу сайысы бойынша жүлделі І орынды 4 «Г» сынып оқушысы Арғынбай Нұржалғас, ІІ орынды 4 «Ә» сынып оқушысы Жеңіс Інжу, ІІІ орынды 4 «Ж» Мұхтар Назерке және 4 «З» сынып оқушысы Әмірхан Адия иеленді.