МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ
2022 жылдың 28 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі 9 «Ә» сынып оқушылары Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайға саяхат жасады. Қазіргі үйде орналасқан мұражайда атақты революционер және қазақ әдебиеті негізін қалаушылардың бірі сол үйінде тек жұмыс істеген. Оқушылар мұражайда Сәкен аталарының өмір жолымен,қазақ елі үшін жасаған еңбектерімен терең танысты. Мұражай қызметкері Сәкен Сейфуллиннің өміріндегі «Тар жол-тайғақ кешу» жолы,елім деп өткен азаматтың ерен еңбектері жөнінде,әр адамның бойында кездеспейтін намысшылдық,адалдықтың,елін-жерін сүйе білудің көрінісін бойына жинаған Сәкен Сейфуллин өмір жолын оқушыларға терең жеткізе білді. Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерді, өлкені танудан, зиялы қауымдарымыздың өткен өмір жолымен танысудан бастау алады. Сондай-ақ мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.