Skip to content

БАЛА ДАУЫСЫ – 2022 БАЙҚАУЫ Бүгін 2022 жылдың 20 қыркүйек…

БАЛА ДАУЫСЫ – 2022 БАЙҚАУЫ

Бүгін 2022 жылдың 20 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 1-4 сынып оқушылары арасында Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай және балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Бала дауысы-2022» байқауы өткізілді.
Мектеп оқушыларының орындау шеберлігі, дауыс ырғағы, сахна мәдениеті, музыка тазалығына мән берілген байқауға 32 оқушы қатысты.
Байқауда мектеп оқушылары халық әндерімен қатар заманауи әндерді орындады. Музыка пәні мұғалімдері Қайнар Қатпай, Айнұр Сейткалиқызы және төрелік еткен қонағымыз президент оркестрі солисті Избасаров Алибек Абулхакович қазылық еткен байқауда 1 сынып оқушыларына бөлек, ал 2-4 сынып оқушыларына бөлек марапат қағаздары мен кубок берілді.
1-сынып оқушылары бойынша 1 «З» сынып оқушысы Төлеген Інжу, 2-4 сынып оқушылары бойынша 3 «Е» сынып оқушысы Ермекұлы Нұрбақыт БАС ЖҮЛДЕНІ, 1 «А» сынып оқушылары дуэт болып орындау бағытында Таджибай Айзере, Есіркепов Теміржан, жеке орындауда 2 «Ә» сынып оқушысы Нурхина Інжу жүлделі І орынды, 1 «В» сынып оқушысы Мурзагулова Жанерке, 3 «В» сынып оқушысы Құрмет Әбілмансұр жүлделі ІІ орынды, 1 «Б» сынып оқушысы Асанова Айзере, 3 «Ә» сынып оқушысы Орынбай Саялы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

#балаларжылы2022#годдетей2022 #розабағланова100жыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *