ЕЛДІҢ АСЫЛ ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ
Бүгін 2022 жылдың 29 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Конституция күніне орай «Елдің асыл тірегі – Ата заң» атты тәрбие сағаты google meet платформасында болып өтті. Аталған шараға мектебіміздің 6 «Ж» сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатын тарих пәнінің мұғалімі Нургалиева Перизат Ержанқызы жүргізді. Ата заңымыздың жиырма жеті жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатында оқушылар патриоттық тақырыбындағы өлеңдерді жатқа оқып, сұрақ-жауап әдісі негізінде бір-бірімен пікір алмасты. Сондай-ақ Перизат Ержанқызы оқушыларды ата заңның баптарымен таныстырып, сол жайлы толық мағлұмат беріп өтті. Сабақ соңы «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол», Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы сияқты тарихи дала заңынан бастау алған Ата Заңымыз қабылданған жиырма жеті жыл ішінде өзінің әділдігі мен өміршеңдігін көрсетті деген сөйлеммен қорытындыланды.