СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРМЕН ЖИНАЛЫС
2022 жылдың 17 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуына орай 1-11 сынып жетекшілері арасында онлайн түрде жиналыс болып өтті.
🔶Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қайрат Сиражиденұлы мектеп формасы талапқа сәйкес келу керектігін және мектеп формасының түсі – қою көк (темно-синий), классикалық стильде талапқа сай болу керектігін айтып өтті. Сондай-ақ мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауда балаларға оверсайз, кала-кала, балахон және спорттық шалбарлар,кроссовкалар киюге болмайтынын еске салды.
🔶Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектебіміздің әлеуметтік педагогі мектепке жол акциясы жұмысының жүргізілу барысын түсіндіріп, әлеуметтік көмекті керек ететін отбасыларды анықтап құжаттарын үй аралау актісімен бірге тапсыру керектігін сондай-ақ қандай құжаттарды қоса тапсыру керек екендігін түсіндіріп өтті. Сыныптағы оқушылардың үйлерін аралап жағдайларымен танысып көмек керек етеме, етпейме анықтау дұрыс екенін, көмек керек ететін шын мұқтаж отбасыларының қалыс қалмауын қамтамассыз ету керектігін айтты. Берілген көмек ақшалай берілгендіктен алған оқу құралдарының чегін уақытында әкеліп тапсыруды ескертті. Сонымен қатар көмек алумен қатар көмек беремін деген ата-аналар болса мектеп әлеуметтік педагогына хабарласуларына болатындығын айтып жеткізді. Қазірде 70 ке тарта өтініш келіп түскенін олардың комиссиямен қаралып белгіленген талапқа сай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
🔶Қосымша білім беру ұйымдарына «Миндаль» порталы арқылы спорттық секцияларға онлайн тіркеу 25 тамыздан бастап жүргізілетін болады.
🔶Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы филиалы қыркүйек айынан бастап көктал ықшам ауданында жұмыс жасай бастайтынын ақпарат ретінде хабарлаймыз.