МАРҒҰЛАН СЫЙЛЫҒЫНЫҢ НОМИНАНТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
2022 жылдың 20 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде жыл сайын 1-4, 5-8, 9-11 сыныптар арасында білімімен, өнерімен, спорттағы жетістігімен ерекше көзге түскен мектеп оқушыларына дәстүрлі Әлкей Марғұлан сыйлығының номинанттарына сертификат берілді. Сыйлық 7 номинация номинанттары бойынша беріледі. Олар: «Үздік оқушы», «Зерделі оқушы», «Парасатты, мәдениетті оқушы», «Өнерпаздар мен өнертапқыштар», «Жыл спортшысы», «Жас оқырман», және «Сегіз қырлы, бір сырлы». Бұл дәстүр мектебімізде он бес жыл бойы жалғасын тауып келеді. 9-11 сыныптар арасында Әлкей Марғұлан атындағы сыйлықтың номинаттары «Үздік оқушы» номинациясының номинанттары Жақсылық Аружан, Сейтжан Рустам, «Зерделі оқушы» номинациясының номинанттары Қуатбекова Гүлсезім, Кусайынова Дильназ, «Парасатты, мәдениетті оқушы» номинациясының номинаттары Жеңісбекұлы Дастан, Райханов Алихан, «Өнерпаздар мен өнертапқыштар» номинациясының номинаттары Мереке Алимжан, Орынбаева Еркежан «Жыл спортшысы» номинациясының номинанттары Шалов Алдияр, Мұхтарұлы Қанағат, «Жас оқырман» номинациясының номинанттары Мизанбаева Сымбат, Амандых Айнұр марапатталды.