ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МУЗЕЙІ – ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ
Бүгін 11 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Әлкей Хақанұлы Марғұланның туған күніне орай «Әлкей Марғұлан музейі – тәрбиенің қайнар бұлағы» атты мектеп музейінде 4-сынып оқушыларына экскурсия болып өтті. Бұл экскурсияны өткізудегі басты мақсат – мемориальдық музей арқылы жас ұрпақтың бойында академик Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметін насихаттап, рухани-ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Экскурсия барысында музей меңгерушісі Сауле Жұмабекқызы музей құндылығы мен ерекшеліктері, мұражай жұмысының негізгі бағыттары, «Әлкей Марғұлан ізімен» атты туристік-өлкетану экспедициясының жүргізілуімен таныстырып өтті. Сондай-ақ музейдің ашылу тарихы, жәдігерлерді жинақтау жұмыстары туралы да айтып өтті. Мектебіміздің оқушылары да қатысып, ғалым туралы оқыған, білген ақпараттарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.




