АРХЕОЛОГИЯ – АДАМЗАТТЫҢ ТАРИХИ ТАҢБАСЫ
2022 жылдың 4 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның туған күніне орай «Археология – адамзаттың тарихи таңбасы» атты тарихшы, археолог Ұлан Үмбетқалиұлымен кездесу болып өтті. Кездесуде Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұлан Үмбетқалиұлы оқушыларға халықтың рухани, тарихи мұралары туралы кеңінен түсіндіріп, археология саласындағы зерттеу жұмыстары туралы қызықты деректермен бөлісті. Кездесуде оқушыларымыз Ұлан Үмбетқалиұлына архология әлемі туралы бірнеше сұрақтар қойып, көкейлерінде жүрген сұрақтардың жауабын алды. Кеш соңында мектебіміздің дарынды, өнерлі оқушылары патриоттық әндерін шыққап, Ғафу Қайырбековтың, «Әлкей Марғұлан» туралы жазған өлеңін жатқа оқыды. Архология әлеміне археологиялық, тарихи жаңалық ашып, кейінгі ұрпаққа, әлемдік ғылымға мұра етіп қалдырған тұлға Әлкей Хақанұлы Марғұланның еңбектері ұрпақ санасынан өшпек емес.