Skip to content

ЫНТЫМАҚ ДОСТЫҚ КЕПІЛІ 2022 жылдың 30 сәуір күні Әлкей Марғұлан…

ЫНТЫМАҚ ДОСТЫҚ КЕПІЛІ

2022 жылдың 30 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай сонымен қатар, балалар жылына орай мектебімізде ұстаздар арасында «Ынтымақ достық кепілі» атты спорттық бағдарлау жарысы болып өтті. Тартысты өткен жарысөа 2 құрама команда: 30 жасқа дейін және 30 жастан кейінгі ойыншылар (әр бірлестік 2 ұстаздан ортаға шықты) қатысты. Ережеге сәйкес, мұғалімдер картада жасырылған пункттерді (КП) тауып берілген уақыт бойынша келулері керек. Шара қорытындысы бойынша 30 жасқа дейінгі мұғалімдер арасында жүлделі ІІІ орынды информатика пәнінің мұғалімі Абенова Альмира, ІІ орынды биология пәнінің мұғалімі Аманжол Жансая, I орынды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жамболат Дархан иеленсе, 30 жастан кейінгілер командасында ІІІ орынды орыс тілі пәнінің мұғалімі Туякбаева Рита, ІІ орынды бастауыш пәнінің мұғалімі Жұбанова Ғалия, І орынды информатика пәнінің мұғалімі Жұмбайұлы Бақытбек иеленді.
Командалық есеп нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды «Орыс тілі» бірлестігі, ІІ орынды «Бастауыш» бірлестігі, І орынды «Информатика» бірлестігі жеңіп алды. Халыөтар достастығы мерекесі аясында өткізілген іс-шараға мектеп ұстаздары қызықты ойын аясында серпіліс жасады. Жарсықа қатысқандарға алғыс айта отырып, спортта да, кәсіпте де өрлей беріңіздер дейміз! 1-МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАР ДОСТАСТЫҒЫ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *