"ЭКОЖАС" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
2022 жылдың 22 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінің оқушылары "Экожас" акция аясында волонтерлар өткізген шебер сабаққа қатысты. Шебер сабақта оқушыларға адам өмірінің биосферасы туралы ақпарат беріліп, қоршаған ортамызды қорғауда үлес қосуымыз керектігі туралы айтылды. Сабақ соңында оқушылармен экологиялық мәселелерге байланысты сұрақтар қойылып, түрлі ойындар өткізілді.