ҒЫЛЫМНАН ҒАРЫШҚА
2022 жылдың 19 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 9 «Д» сынып оқушылары «Тұран-Астана» университетіне Қазақстан Республикасының Ғылым күніне және халықаралық Космонавттар күніне арналған «ҒЫЛЫМНАН ҒАРЫШҚА» тақырыбында ерлік сабағына қатысып келді. Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш тарихын ашушы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Халық Қаһарманы Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлымен кездесу өтті. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.