ҒЫЛЫМ БАСТАУЫ-БІЛІМ
2022 жылдың 6 сәуір күні "Ғылым бастауы-Білім" атты апталық аясында мектебіміздің "Жас эколог" үйірме оқушылары және мектепшілік Экопатруль оқушыларының қатысуымен экологиялық стартапп жобалардың таныстырылымы болып өтті. Мектебіміздің 8 сынып оқушылары Шаяхмет Аружан мен Есенбек Салтанат өздерінің эко жобасын таныстырды. Қазіргі қоғамдағы органикалық қоқыстардың жер бетінде жатып қоршаған ортаға, жан-жануарларға тигізетін зардабына алаңдаушылық білдіріп Органикалық қоқыс қалдықтарын жер асты контейнерлері арқылы залалсыздандыру жолдарын ұсынды. Сондай-ақ Есеенбек Салтанат болашақ мектептің эко саябақ жобасын жасап оқушыларға өз жобасын таныстырды. Қатысушы оқушылар жоба жұмыстарының жасалуы жолдарымен танысып, өз сұрақтарын қойып пікірлерін білдірді.