19 НАУРЫЗ «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ»
Бүгін 2022 жылдың 19 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде спорт күніне орай "Ұлттық ойындар – асыл мұрамыз" атты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар болып өтті. 5-10 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеруден бақ сынасты. Сондай-ақ мектепті бітіріп кеткен түлектер арасында футзалдан жарыс өтті. Тартысты жарыста барлық команданың ойыншылары өз шеберліктерін көрсетті. Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша командалар дипломдармен марапатталды. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.