Skip to content

«НАУРЫЗҒА ТАРТУ» атты белсенді мектеп оқушыларымен интерактивті диалог алаңы 2022…

«НАУРЫЗҒА ТАРТУ» атты белсенді мектеп оқушыларымен интерактивті диалог алаңы

2022 жылдың 18 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымқан Сенғазыұлы Наурыз мейрамы қарсаңында балалар өкілдіктерінің көшбасшылары мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген елорданың өзге ұлт өкілдерінің балаларымен кездесті. Интерактивті диалог алаңына қаланың 93 мектебінің көшбасшылары онлайн-форматта қосылып, қатысушылар патриотизм, білім беру қызметі, өз елінің тарихына қызығушылық сынды өзекті тақырыптарды қозағап, пікір алмасты. Білім басқармасының басшысы қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде ол балалардың бастамаларын қолдап, балаларға алға қойған мақсаттарына жетуде табыс тіледі. Айта кетейік, қалалық іс-шараның жүргізушісі болған Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей оқушысы Мұхтарұлы Қанағат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *