17 НАУРЫЗ «БЕРЕКЕ КҮНІ»
Бүгін 2022 жылдың 17 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Береке күніне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік кеш шымылдығы қазақ биімен ашылып, «Күлімде, Наурыз Күлімде» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында Қыдыр бабамен бірге көрініс сомдалды. Сонымен қатар, Жәрдембек Досмұхамед пен Жәрдембек Айарудың орындауында Марат Омаровтың «Наурыз көктем» әні шырқалып, «Ерке сылқым» домбырашылар ансамблі күмбірлеген домбыраның сазды үнімен Желдібаевтың күйін орындады. Мерекелік кеш соңы мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызына сөз берілді. Шара соңында барлық қатысушылар ортаға шығып «Наурыз – Думан» әсем әні орындалып аяқталды. Сондай-ақ береке кұніне орай ағылшын тілі бірлестігі "Ұлттар достығы – ұрпақ тілегі" атты мерекелік құттықтау бейнеролигін ұсынды. Ал жаратылыстану бірлестігі "Болжам мен болмыс" тақырыбында 7,10,11 сынып оқушылары арасында ауа-райын болжаудағы халқымыздың нұсқалары атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жаңа жылдағы күн мен түннің теңелуі бойынша сұрақтар талқыланып, оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.