«ДЕНІ САУДЫҢ ЖАНЫ САУ»
Бүгін 2022 жылдың 11 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Нұр –Сұлтан қаласының санитарлық бақылау департаментінің бұйрығына сәйкес дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне орай 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында «Туберкулез ауыртпалығын төмендету бойынша мақсатқа бірге жетеміз» атты айлығы аясында мектеп ұстаздарымен онлайн дәріс семинары өтті. Аталған дәрісті Кировтік отбасылық дәрігерлік-амбулаториясының терапевт – дәрігері Абильдина Алмагүл Ахмедиевна жүргізді.Дәрігер маман қауіпті дерттің алдын алу,қорғану,сақтық шаралары бойынша дәріс оқыды.Сондай-ақ осы айлық аясында мектеп оқушыларынан ақпараттық диктант алынды.