⁉️Құрметті ата-аналар, оқушылар! Әлеуметтік желіде мектеп асханасындағы тамаққа байланысты және дәліздегі кеміргіштің суреті бейнеленген ақпарат таралғаны белгілі. Осы аталған мәселе бойынша тамақтану сапасын, асханадағы берілетін тамақтардың дайындалуы, азық-түліктің сақталуы бойынша мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті төрайымы, бракераждық комиссия, сондай-ақ мектеп белсендісі 11 сынып оқушысы Қабыкен Мөлдірдің қатысуымен кемшіліктерді анықтау мақсатында тексеру жұмысы жүргізілді. Аталған тексеруде азық-түлік сақталатын орындар, дайындалу кезеңі, тазалық жағдайлары қаралды. Сондай-ақ асханада ай сайын санитарлық-дезинфекциялық жұмыстардың жүретіні, кеміргіштер мен зиянкестерге қарсы дератизациялық жұмыстардың уақытылы өткізілгенін растайтын құжаттар тексерілді. Наурыздың 9 күнгі мәселе бойынша оқушылар піскен самса тағамынан кемшіліктерді байқады, тағамда пеште піскен іздің қалатыны айтылды. Ата-аналарға да дәлелдемелермен түсіндіріліп берілді. Сонымен қатар дәліздегі кеміргіштің суретіне байланысты директордың шаруашылық меңгерушісі Н.Әшірбекұлы мектепте 5 наурыз күні кешкісін зиянкестерге қарсы улау дезинфекциялық жұмыс жүргенін, осы тазарту жұмыстарынан кейін 1-қабатта уланған кеміргіштің жатқанын көріп арнайы қоқысқа тасталғанын мәлімдеді. Кеміргіштің асхана бөлімінде емес, мектеп ғимаратының 1-қабаттағы эвакуциялық шығу аймағында жатқаны расталды, себебі асхананың едені толық кафель тастарымен жабдықталған. Ал түсірілген суреттегі кеміргіштің мектеп дәлізіндегі линолеумда жатқанын байқауға болады. Осы мәселе бойынша кеміргіштің асханаға мүлдем қатысы жоқ екені айтылды. Асханадағы тағам сақтау орындары талапқа сай, арнайы жабық контейнерлерде сақталады. Құрметті ата-аналар, оқушылар, әлеуметтік желіге ақпаратты таратпас бұрын мәселенің анығын білу үшін мектеп әкімшілігімен, директормен байланысуларыңызды сұраймыз.
