КӨКТЕМ СІЗДЕРМЕН КӨРІКТІ
2022 жылдың 05 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп лицейі ұжымының мерекелік концерті өтті. Мерекелік кеш шымылдығы Марғұлан жігіттерінің аяулы аналарға арналған өлең жолдарымен бастау алды. Бағдарламада оқу орданың ер азаматтары дайындаған мерекелік бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ кеш қонақтары қазақ эстрадасының жас әншісі, композитор Азамат Абдрахиов, Республикалық жастар арасындағы түрлі өнер байқауларының жеңімпазы Шыңғыс Қасен, қазақ хақының ұлттық өнерін әлемге танытып жүрген талантты домбырашы Рифхат Сұңғат өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, қазақстан юмористі, актер Нұржан Бейсенов өз өнерімен қуантты. Көктемнің алғашқы мерекесінде барлық ер азаматтар Марғұлан аруларына арнап ән шырқап, тамаша көңіл-күй сыйлады. Шара соңында мектеп директоры Жанкелді Сағынтайұлы салтанатты түрде әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, ақ тілегін жеткізіп, мектеп ұстаздарына мерекеге орай алғыс хат табыстады. Кешке жиналған нәзік жандылар құшақтары гүлге толып, әріптестеріне деген ризашылықпен тарады.