Skip to content

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ 2022 жылдың 25 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы…

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

2022 жылдың 25 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, Қазақстанның Еңбек Ері атанған Олжас Сүлейменовке арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндады. Дөңгелек үстелге мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда ЕҰУ 2 курс студенті Кайриденова Камила өзінің Аз и Я кітабына дайындаған буктрейлерімен таныстырып өтті. Онлайн телекөпірге №68 мектеп гимназиясы, №41 орта мектеп, Қарағанды қаласы №39 мектеп гимназиясы қатысты. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге онлайн қатысқан мектеп оқушылары Олжас Сүлейменовтың өлеңдері мен поэмаларын оқып, Аз и Я шығармасын талдап, әсерлі етіп жеткізе білді. Кездесу соңында тарих пәні мұғалімі Сабанбай Дина Мұхаметбайқызы оқушыларға ризашылығын білдіріп, кездесуді тәмамдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *