Skip to content

ТӘУЕЛСІЗДІК НАМЫС ТУЫ Бүгін 2021 жылдың 14 желтоқсан күні Әлкей…

ТӘУЕЛСІЗДІК НАМЫС ТУЫ

Бүгін 2021 жылдың 14 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік намыс туы» атты мерекелік кеш болып өтті. Кеш «Желтоқсан 86» оқиғасын суреттейтін әдеби композициялық қойылымнан бастау алып, Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларды еске алу үнсіздігімен жалғасын тапты. Әрі қарай әдеби-композицияда 1991 жылы тәуелсіздік жарияланғаны жайлы сүйіншіленген хабарды жеткізу туралы қойылым ел назарына ұсынылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні шырқалды. Сондай-ақ кеште мектебіміздің «Самұрық» би ансамблі «Дала қырандары» атты батырлар биін билеп, орта буын оқушылары тәуелсіздік тақырыбындағы әндерін шырқаса, жоғары буын оқушылары «Арыстандай айбатты жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін» ұранымен әскери-патриоттық дефилесін ел назарына ұсынды. Мерекелік кеште мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы барша ұжымды тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, арнайы әзірленген дипломдармен марапаттады. Мерекелік кештің тағы бір ерекшелігі ғалым есімін иеленіп отырған, Әлкей Марғұлан музейі туралы тың деректер жинақталған «Марғұлан мөрі» кітабынын салтанатты түрде тұсау кесер рәсімінің өтуі мен ардагер ұстаздарымыздың бүгінгі мерекелік шараға қатысуы болды. Тұсау кесу рәсімін кітап авторы, ардагер ұстаз Сейтбатталова Мағрифа Тасыбайқызы мен мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы жүргізді. Кеш соңы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *