Skip to content

«АР НАМЫСЫМ, ҚАСІРЕТІМ, МАҚТАНЫШЫМ – ЖЕЛТОҚСАН» 2021 жылдың 08 желтоқсан…

«АР НАМЫСЫМ, ҚАСІРЕТІМ, МАҚТАНЫШЫМ – ЖЕЛТОҚСАН»

2021 жылдың 08 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты әскери-патриоттық кеш өткізілді. Кеште оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі жайлы ақпарат беріліп, желтоқсан оқиғасының құрбндарын еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ұғынуға, бабадан қалған дархан даламызды қадірлеп, сүйе білуге шақырған бұл кеште, мектебіміздің 10-сынып оқушылары тәуелсіздік жолында ерлік танытып көтеріліске шыққан, желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбеков ағамыздың ерлігін сомдап жастарымыздың тәуелсіздік жолындағы ерік -жігерін сахналық көрініс арқылы жеткізді. Сондай-ақ оқушылар айтулы мерекеге орай тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқыды. Кеш соңы оқушылардың әскери қоян-қолтық күресімен және қыздардың әскери дефиле көрсетуімен қорытындыланды. Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *