5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ "ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
2021 жылдың 06 желтоқсан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы» қарсаңына орай Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Салтанатты жиында 5 «А» сыныбы – Ыбырай Алтынсарин атындағы топ, 5 «Ә» сыныбы – Исатай Тайманұлы атындағы топ, 5 «Б» сыныбы – Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы топ, 5 «В» сыныбы – Іргебай Ербол Ісләмұлы атындағы топ, 5 «Г» сыныбы – Хамит Ерғали атындағы топ, 5 «Д» сыныбы – Жамбыл Жабайұлы атындағы топ, 5 "З" сыныбы – Қасым Аманжолов атындағы топ, 5 "Е" сыныбы – Әлихан Бөкейхан атындағы топ, 5 "И" сыныбы – Серке Қожамқұлов атындағы топ оқушылары өз дайындықтары туралы мәлімет беріп, ант қабылдады. Салтанатты жиында галстук тағу мәртебесі мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлына, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Жұлдыз Балғабайқызы мен Қайрат Сиражиденұлына, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары Нұргүл Хаздайқызы, Жұмагүл Балтабайқызы және «Жасұлан» оқушылар ұйымы 11 сынып оқушыларына берілді. Еліміздегі пандемия шектеулеріне байланысты «Жасұлан» оқушылар ұйымына қабылдану екі сыныптардан бөлініп сағат 11:00де, 12:00де және де 13:00 де өткізілді. Құттықтап сөз алған мектеп директоры және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары оқушыларға көк туымызды қалай қастерлеп оны жоғары көтерсек, дәл солай мойындағы көк галстуктерін де қадірлеп ұстауға, мектептің,еліміздің абыройын көтеретін үлкен азамат болып, берілген топ есімдеріне лайық болып әрқашанда биік белестерден көрініп, үлгілі оқушы болуларына сенім артып, жылы лебіздерін білдірді. Жиын Әлкей Марғұлан маршылымен аяқталды.