«ЛАБИРИНТ» жарысы
Бүгін 2021 жылдың 26 қараша күні 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің "Жас эколог" үйірмесі оқушылары арасында "Лабиринт" бағдарлау жарысы өтті. Аталған жарысқа 5" Ә", 5"Б", 5 "В" сыныптары сондай-ақ 6"Ә"және 6"Б" сыныбындағы үйірме тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс ережесіне сай оқушылар арнайы жасалған картамен жасырылған КП (жасырылған функттерді) тауып елбасының өмір жолы,еңбектері туралы сұрақтарға тест түрінде жауап берді.Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында жүлделі I орын Серік Бектемір 5 «Ә» сыныбы, ІІ орын Көпжасар Аян 5 «В» сыныбы,ІІІ орынды Шаяхмет Бекжан 6 «Б» сыныбы иеленді,ал қыздар арасында І орын Жақсылық Айару,ІІ орын Еламан Жансая,ІІІ орынды Жангужинова Мерей иеленді. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.🏅🏅🏅