2021 жылдың 15-17 қараша аралығында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Терроризм ғасыр дерті» атты акция жүргізілді. 8-11 сыныптар арасында «Терроризм ғасыр дерті» тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізіліп, жаднама ұсынылды. Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға бөгде адамдардан сыйлық(тәтті ұсынса) қабылдамау жайлы ескертілді. Терроризмге қатысты акцияға 5-7 сыныптар арасында «Бақытты балалық шақ» атты сурет байқауы өтті. Жеңімпаздарға марапат қағаздары берілді.
