Skip to content

МАРҒҰЛАН МЕКТЕБІНІҢ МАРҚАСҚАЛАРЫ 2021 жылдың 30 қыркүйек, 16 қараша күндері…

МАРҒҰЛАН МЕКТЕБІНІҢ МАРҚАСҚАЛАРЫ
2021 жылдың 30 қыркүйек, 16 қараша күндері Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Кужанбаева Райся Жұмасейітқызы мен директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары Даутов Жаналы Нұрғожаұлы 60 жасқа толып, зейнеткерлік жасқа аяқ басты. Қашанда ұжымның құрметіне бөленген ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміз әр оқушы мен ұжым арасында беделге ие әріптестеріміз.
Райся Жұмасейітқызы мектепте 2011 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналарымен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Таңдаған жолын абыроймен жалғастырып, тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірген ұлағатты ұстаз. Оқу бітірген шәкірттері бірінен-бірі асады. Бірі «Назарбаев университетіне» оқуға түссе, ендігісі мектеп түлегі, дарынды ақын, республикалық сайыстардың жеңімпазы Әнкей Елдос. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білген Райся апайдың еңбегі зор.
Жаналы Нұрғожаұлы Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 2013 жылдан бастап директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып, мектептің материалдық базасын көтеруге үлес қосқан мықты маман иесі.
Талай күндер төккен тер мен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктан сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн – демекші зейнеткерлік жасқа толуларыңызбен құттықтаймыз. Марғұлан мектебінің ұжымы Сіздердей мықты маман иелерімен жұмыс атқарғанын қашанда мақтан етеді. МЕРЕЙТОЙЛАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ӘРІПТЕСТЕР!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *