Skip to content

МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал…

МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерді, өлкені танудан, зиялы қауымдарымыздың өткен өмір жолымен танысудан бастау алады. Сондай-ақ мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.Осы орайда 2021 жылдың 22 қазан күні мектебіміздің «Экопатруль» экологиялық тобы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайға саяхат жасады. Топ мүшелері мұражайда Сәкен аталарының өмір жолымен,қазақ елі үшін жасаған еңбектерімен терең танысты. Мұражай қызметкері Сәкен Сейфуллиннің өміріндегі «Тар жол-тайғақ кешу» жолы,елім деп өткен азаматтың ерен еңбектері жөнінде,әр адамның бойында кездеспейтін намысшылдық,адалдықтың,елін-жерін сүйе білудің көрінісін бойына жинаған Сәкен Сейфуллин өмір жолын оқушыларға терең жеткізе білді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *