Skip to content

“ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ БАЛАҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?” ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ…

"ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ БАЛАҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Бүгін 2020 жылдың 17 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 1-11сынып оқушыларының ата-аналарымен «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібіндегі бірініші мәселе бойынша директордың ақпараттық орынбасары Ақерке Қалдыбекқызы «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында Ақерке Қалдыбекқызы мектебіміз google class rооm, google meet платформасында жұмыс жасайтындығын айтып өтті. Сондай-ақ оқушылар үшін қосымша Online mektep платформасына кіру үшін барлық сыныптарға логиндар мен құпия сөздердің толық таратылғанын ескертті. Қосымша платформалар баланың өздігінен әр сабаққа дайындалуына өз септігін тизігетінін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дүйсенова Сауле Зәріпқызы ата-аналарды жаңа 2020-2021 оқу жылында білім алушылардың бағалау жүйесі қалай жүргізілетінін қайта толық таныстырып өтті. Сондай-ақ шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бойынша арнайы әзірленген жаднамамен таныстырды. Ата-аналарға балаларының күнделікті тапсырмаларды толық орындауына қадағалау жасап, тоқсан соңында қалыптастырушы бағалаудың балдық жүйесі есептелетінін ескертіп, бүгінгі таңда кейбір оқушылар тарапынан оқу тапсырмалардың жауапкершілікпен орындамайтынын мәселе ретінде көтерді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп психологтары Дүйсебаева Жанар Құдабайқызы мен Беилова Меруерт Жұманқызы «Қашықтан оқыту кезіндегі оқушылардың психологиялық бейінділігін арттыру» тақырыбында бірнеше кеңестерін беріп өтті. Оқушылардың қашықтықтан білім алу кезінде өздігінен білім алуға ұмтылдыру, белсендігін арттыруда қандай қадамдардың қажет екендігін түсіндіріп, ата-аналармен бірге "Ата-анамен байланыс" психологиялық ойын жаттығуын жүргізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *