ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІМ
2020 жылдың 7-12 қыркүйек аралығында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Отбасы күніне орай "Отбасы – бақыт мекенім" атты іс-шаралар жоспары аясында 7 қыркүйек күні "Отбасы – отанның ошағы" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары онлайн режимінде google meet платформасында болып өтті. 8 қыркүйек күні Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастырумен "Менің отбасым" тақырыбында сурет салу байқауы және Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, әндерін орындау бойынша челлендж ұйымдастырылды. Орыс тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу ұйымдастырылса, дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастырумен "Спорт біздің – серігіміз" атты отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалған спорттық жаттырулары назарға ұсынылды. Ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастырумен "Менің отбасым" тақырыбында мектеп оқушыларының ағылшын тілінде өз отбасын таныстыру бейнеролигі, қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастырумен "Отбасы – бақыт мекенім" тақырыбында шығармалар сайысыны 7-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Нәтижесінде І-орынды 7 «А» сынып оқушысы Төлеубаева Айым, ІІ-орынды 8 «Б» сынып оқушысы Тулеубаева Ақтоты мен 8 «В» сынып оқушысы Абутаева Жанель, ІІІ-орынды 8 «Д» сынып оқушысы Серікбай Әдемі, 7 «А» сынып оқушысы Хаджимурат Арсен мен 7 «А» сынып оқушысы Атымтай Жазира иеленді. 7 «А» сынып оқушылары Асылхан Мерей мен Ислам Фатимаалғыс хатпен марапатталды.