"ЖЫР ҒҰМЫР"
2019 жылдың 15 қараша күні мектебімізде қазақтың ақын қызы, өлең жырларымен халқымызға рухани азық беріп, әдебиетпен сусындатқан бір туар ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай "Жыр ғұмыр" атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары қатысып ақын өлеңдерін тебірене оқыды. Қазақтың шыншылда, бірбеткей дара қызы Фаризаның өлеңдері жүрек түбінен орын алып, ерекше сезімге бөледі. Сайыс қорытындысы бойынша І орын Тойғанбекқызы Динара, ІІ орын Туребекова Диана және Құрманбек Балнұр иеленсе, ал жүлделі ІІІ орынды Каиргалиева Аружан және Рамазанова Арай, Ақниязова Дильяра өзара бөлісті. Басқада қатысушы оқушылар ақын өлеңіне деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
