Skip to content

ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ БӘЙТЕРЕГІ Бүгін 2019 жылдың 13 қараша күні Әлкей…

ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ БӘЙТЕРЕГІ
Бүгін 2019 жылдың 13 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай "Ұлт руханиятының бәйтерегі" атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Кеште ақын өлеңдері жатқа айтылып, ақын сөзіне жазылған әндер орындалып, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды ұлт жанашырларының Сәкен туралы айтқан пікірлері тыңдалды. Кешке қадірлі қонақ ретінде дәстүрлі әнші, драматург, театр сахнасында Сәкен образын сомдаған актер Жүнісов Қанат Құрмашұлы қатысты. Қанат Құрмашұлы оқушыларға Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы жайында әңгіме қозғап, балаларды Сәкен сияқты рухты, елдің қамын ойлайтын азамат болуға шақырды. Кездесу барысында оқушылар Қанат Құрмашұлына өздерінің сұрақтарын қойып, қызықты жауаптар тыңдай алды. Кеш соңында қадірлі қонағымыз мектебіміздің Әлкей Марғұлан музейімен танысып, өз қолтаңбасын қалдырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *