Skip to content

🔉”ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ” АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ…

🔉”ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ" АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР🔉

✍️Бүгін 2019 жылдың 26 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде тарих және өзін-өзі тану пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жаңартылған білім беру мазмұны – рухани жаңғыру негізі" атты қалалық семинар болып өтті.

✅Семинарда мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Дина Сабанбай, Ботагоз Өміржан, Жадыра Рүстемова, Шынар Кәдірбек және № 60 мектеп-лицейінің ұстазы Б.Тілегенқызы, № 58 мектеп-гимназиясының ұстазы С.Ердехановалардың сабақтары назарға ұсынылса, № 40 МЛ, 58 МГ, 34 ОМ мектеп тренерлерінің коучингтері өткізілді.

✍️Бүгінгі семинардың басты құндылығы тарих пәні мұғалімі Қайыргелді Мирашұлы әзірлеген «Елімнің ерлік жолы» тақырыбындағы көрме экспозициясы (бүгінгі тарих кабинетінің үлгісі) болды.

✅Мұғалімдер үшін семинардың құндылығы – көрмеде қамтылған материалдардың терең мазмұны.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *