📚АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚУ ЭСТАФЕТАСЫ📚
⠀
✍️ Мектебіміздің 2-сынып оқушысы Болат Ақмарал Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, ақын өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын өз қарашаңырағымызда бастап берді.
⠀
📣Эстафета тізгіні 11 "Ә" сынып оқушысы Атабай Ғалымжан @b_bope_b мен 8 "Ә" сынып оқушысы Тотин Ануарға жолданды.
⠀
✍️Эстафета мақсаты – ұлы ақын шығармаларын жатқа оқи отырып, жас ұрпақты Абай ілімімен таныстыру.
⠀
🗣Эстафетаның негізгі шарттары:
⠀
✅Эстафета жолданған оқушы немесе мұғалім видео түрінде жалғастыруы керек;
⠀
✅Өлең немесе қара сөзді мүдірмей жатқа оқу;
⠀
✅Соңында міндетті түрде эстафетаны келесі оқушыға немесе ұстазға жолдау.
⠀
📕Кел, Абай шығармаларымен бірге сусындайық!📕