Skip to content

“Эко-сағат” акциясы 2019 жылдың 3 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы…

"Эко-сағат" акциясы 2019 жылдың 3 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 1-11сынып оқушыларына экологиялық тәрбие мен білім беру, табиғаттың мол қазынасын сақтай білуге үйрету мақсатында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақта әр оқушы қоршан ортаны ластамай, таза ұстау барша адамның қасиетті борышы екендігін түсіне отырып, «Табиғатты қорлауға болмайды, адамдар өзіне қажетті тілектерін, оның ырқына көне отырып залал келтірмей іске асыруы тиіс…» деген қорытынды шығарды. Сонымен қатар 7-сынып оқушыларына мектеп ауласын қоқыстан тазарту жұмысы барысында табиғатқа жанашырлықпен қарау керектігі, ластамай таза ұстай білудің маңыздылығы айтылды. Сонымен бірге табиғатты пайдаланудың ұтымды тұстарын іс-тәжірибе жүзінде жеткізу мақсатында мектебіміздің өсімдікжай меңгерушісі балаларға гүлдерді қайта өсірудің әдістерімен кеңінен таныстырып өтті. Оқушылар гүлдердің тұқымдарын теріп, оларды қайта пайдаланудың ұтымды жолдарын үйренді. Аталған шаралардан бөлек 8-11 сынып оқушыларына арнайы түсіндіру жиыны өтті. Жиынның негізгі мақсаты осы күнгі экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды бөлек жинау мен өңдеуді дамыту, өңделмейтін қалдықтардың көлемін қысқарту. Оқушыларға қоқысты өртеудің қауіптілігі, қайталама өңдеу арқылы «қоқыс» проблемасын шешудің маңыздылығы түсіндіру.
«Эко-сағат» әр оқушының экологиялық проблемаларды шешуде, сонымен қатар экологиялық апаттардың алдын алуда әр адам өзінен бастау керектігін түсіндіруге бағытталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *