Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейі Нұр-Сұлтан қаласының жылыту маусымындағы орын алатын өрт қауіпсіздігі айлығы аясында жоспар жасақтап, сол жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізді.Атап айтар болсақ мектептегі жылыту орындарының алдағы маусымға дайындығы тексерілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Өрт тілсіз жау» атты акция ұйымдастырылды акция барысында оқушыларға жадынама таратылып, өрт орын алған жағдайдағы жасалатын алғашқы қадамдар айтылды. Мектеп дәлізіндегі үлкен экраннан өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы видео көрсетілім көрсетілді және бастауыш сыныптарға түсіндірме сабақтары жүргізілді.
