Мектебіміздің Ұланбасы сайлауының қорытындысы бойынша мектеп ұланбасы болып 90 дауыс жинап оқушылардан қолдау тапқан 9"д" сынып оқушысы Есенқызы Аяулым ұланбасы болып сайланды. Қалған үміткерлер Жас ұлан оқушылар ұйымының құрамында мектебіміздің мәдени іс-шараларына атсалысып қызмет атқаратын болады. Жалпы сайлауға 246 оқушы қатысты, оның ішінде 9 бюллетень бүлінген болғандықтан даусы саналмады. Сайланған Ұланбасына сәттілік тілейміз, мектебіміздің көркейіп, гүлденуіне өз үлесін қосады деген үміттеміз.
