Skip to content

11 МАМЫР – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ТУҒАН КҮНІ 2019 жылдың…

11 МАМЫР – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ТУҒАН КҮНІ

2019 жылдың 13 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде ұлт мақтанышы, ғалым, академик Әлкей Марғұланның туған күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында ғалым еңбектері мен ғалым туралы жазылған естеліктері айтылды. Марғұлан мұрасы туралы айтылған ғалым жайлы пікірлері мен мектеп бітіруші түлектердің арнаулары жатқа айтылып, «Марғұлан» маршы орындалды.
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы ұстаздарды, оқушыларды құттықтап, ғалым мұрасын насихаттау біздің парызымыз деп атап өтті. Жиында мектеп бітіруші түлектер Әлкей Марғұлан бюстіне гүл шоқтарын қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *