"АҚ СҰҢҚАР" ЖӘНЕ "ЖЕҢІС ЖЫРЫН ШЫРҚАЙМЫЗ" АТТЫ САПТА ЖҮРІП ӘН АЙТУ ІС-ШАРАСЫ
2019 жылдың 3 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 27 жыл және Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай 7-11 сынып оқушылары арасында саптық шеру байқауы болып өтті. Аталған байқау сапта жүру, саптық жүрістерді шебер орындау, саптық бұрылыстар жасау, сапта жүріп ән айту кезеңдері бойынша жүргізілді. Мектебімізде дәстүрлі түрде өткізілетін шараға барлық сынып белсенділікпен қатысты. Байқау нәтижиесі бойынша 7 сыныптар арасында 7 "В"сыныбы, 8 сыныптар арасында 8 "Г" сыныбы, 9 сыныптар арасында 9 "Б" сыныбы,10-11 сыныптар арасында 11 "А" сыныбы байқаудың жеңімпазы атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!