Бүгін 2019 жылдың 8 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінде оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары арасында Халық добы жарысы және 8-9 сынып оқушылары арасында волейбол жарысы өтті. Тартысқа толы жарыс нәтижесінде Халық добы ойыны бойынша 3-орынды 5 В,  5 Е сыныптары,  2-орынды 5А,  5Ә, сыныптары иеленсе, жарыстың жеңімпазы жүлделі 1 орынды 5 Б сыныбы иеленді.
Волейбол ойындары бойынша  жүлделі 3-орын 9 Б сыныбы,  2 орынды 9-Г,  1-орынды 9В иеленіп жарыс жеңімпазы деп танылды. Жеңімпаз сыныптарды Құттықтаймыз!!!!!









