«КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫМЕН – ТАТУЛЫҚ КЕМЕСІНДЕ»  2018 жылдың 30 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент күніне орай «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде» атты мерекелік кеш өтті.
Кеште Елбасымыздың өмірі жолы туралы бейнебаян көрсетіліп,оқушылар  дайындаған ән-күйлері шырқалып, би биленіп  көркем сөзбен  кештің шырайын кіргізді.  Еліміздің нардай жүгін көтеріп, халықтың  сенімін ақтаймын деп күш-жігерін аямай, тынымсыз еңбек етіп жүрген  Елбасымызға зор денсаулық және амандық тілейміз.









