ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ
2025 жылдың 30 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы мен бірлігіне арналған «Татулық мекені» атты мерекелік концерт болып өтті. Концертте мектебіміздің 5-сынып оқушылары әр ұлт өкілдерінің би өнерін көрсетіп көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады. Кеште достық, бірлік жайлы өлең жолдары оқылып, әсем әндер шырқалды.