Skip to content

“ЖАС МАТЕМАТИК” ПРОФИЛЬДІК ЛАГЕРІ 📅 “Жас математик” лагеріндегі алғашқы күндеріміз…

“ЖАС МАТЕМАТИК” ПРОФИЛЬДІК ЛАГЕРІ

📅 “Жас математик” лагеріндегі алғашқы күндеріміз осылай өтті!

Лагерьдің бірінші күні оқушылармен жақынырақ танысып, достық атмосфера құрдық. 🤝 Математиканы қызықты жолмен зерттей бастадық: сандарды ойша көбейтудің оңай тәсілдерін үйрендік — мысалы, 11 және 111-ге көбейту, 5-пен аяқталатын сандардың квадратын табу. 🧠✨

Математиканың өмірдегі маңызы туралы бейнеролик көріп, өз ойларымызбен бөлістік. Сөзді смайликтер арқылы табу ойынын ойнап, би билеп, көңіл көтердік! 💃🎉

Екінші күні біз натурал сандардың бөлінгіштігі тақырыбымен танысып, соған байланысты ойындар арқылы білімімізді бекіттік. 🔢 Қызықты логикалық тапсырмалар орындадық. Күн соңында қазақтың тарихи әрі мағыналы мультфильмін бірге тамашаладық. 🎬

Үшінші күн — Рәміздер күніне орай Қазақстан әнұранымен басталды. 🇰🇿 Сергіту сәтінде түрлі ойындар ойналып, сабақта сандардың дәрежесінің соңғы цифрын табуға арналған тәсілдермен таныстық. 💡 Қызықты видео көріп, жаңа білімімізді куиз ойыны арқылы бекіттік. Тарихи “Толағай” мультфильмін көріп, оны талқыладық.

Төртінші күні сабақты ойынмен бастап, математикалық жарыс ұйымдастырдық — жеңімпаз тәтті сыйлықпен марапатталды! 🍬🧠 “Математикалық лабиринт”, “Филворд” ойындары арқылы логикамызды дамыттық. Сонымен қатар, “Отырар оқиғасы” атты қызықты мультфильмді көріп, тарихи тақырыпты бірге талқыладық.

Сабақ соңында шығармашылық сергіту сәті өтті: оқушыларға сурет сызбасын өз креативімен аяқтау тапсырмасы берілді. 🎨 Әуен қосып, релаксациялық атмосферада сурет салу балалардың көңілінен шықты!

📸 Лагерьдегі осындай ерекше сәттер балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, жаңа білімге құштарлығын оятады! ❤️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *