Далалық оқу-жаттығуы
Астана қаласы әкімдігінің «Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының № 117 – н/қ бұйрығы және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасының негізінде 2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында 10 сынып оқушыларымен мектеп-лицей базасында 5 күндік оқу-далалық жиын өткізілді. Оқу-далалық жиынға 3 сыныптан барлығы 21 оқушы қатысып, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 2024-2025 оқу жылындағы алған әскери теориялық білімдері тактикалық, атыс, саптық дайындықтар және дене шынықтыру пәні бойынша өткізілген сабақтар барысында практикалық түрде шыңдалып, оқушылармен нормативтер мен жаттығулар жүргізілді. Оқу-далалық жиынында оқушыларымыз үлгілік тәртіп және нормативтер мен жаттығуларды сәтті орындады.