“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Бүгін лагерьдің бірінші кезеңі салтанатты түрде аяқталды. Күнімізді табиғат аясында өткіздік! Оқушыларымызбен бірге ”Көктал” саябағына барып, керемет пикник ұйымдастырдық. Жайқалған жасыл шөп, ашық аспан мен балғын көңіл бәрі-бәрі бүгінгі күнді ерекше етті. Балалар түрлі қызықты ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді. Достық пен қуанышқа толы лагерьдің әр сәттері оқушыларымыздың жүрегінде есте қалары сөзсіз.
#мектепжанындағылагерь