Skip to content

“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп -лицейі…

“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп -лицейі жанындағы «Балдаурен» бастауыш сынып оқушыларына арналған жазғы сауықтыру мен демалыс лагерінің 2 кезеңі өз жұмысын бастады.Лагерьдің алғашқы күні оқушыларды қарсы алып, көңілді әнмен табиғат аясында таңғы жаттығуларын жасады. Оқушыларға лагерь ережелері мен міндеттері айтылды. Топ ережесі құрылды. Сонымен қатар топ жетекшілері оқушыларды қауіпсіздік ережелермен таныстырды. Мектеп медбикесі Алма оқушылардың тазалығын тексеріп, пайдалы кеңестер берді. Алғашқы күні лагерьдің екінші кезеңінің салтанатты ашылуы болды, сол ашылуда мектеп балдырғандары өз өнерлін көрсетіп, ән салып, би билеп, сахнада жарқырады. Мектепшілік мерекеміз аяқталған соң, мектеп ауласында асфальтта сурет салды.Балалар топ жетекшілерімен бірге түрлі қызықты ойындар ойнап, жаңа достар тауып, көңіл көтерді. Жақсы, көтеріңкі көңіл-күймен оралған оқушыларды, мектеп асханасы дәмді түскі аспен тамақтандырды.
#мектепжанындағылагерь

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *