“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуларымен басталған күн белсенді әрі сергек атмосферада өтті. Бүгін оқушылар «Koktal» ойын-сауық орталығындағы кинотеатрға барды. «Айдаһар мінген шабандоздар» атты киноны көріп, қызықтады. Шыққаннан кейін топ арасында өздерінің алған әсерлерін, ойларын айтып бөлісті. Әр топ жеке-жеке естелікке кинотеатрдың әдемі, көркем жерлерінде фотоға түсті.
#мектепжанындағылагерь