Skip to content

“Тоқтамыс” ауылының белгілі тұрғыны Әбішев Нұрымханның шаңырағына келдік. Тоқтамыс батыр…

“Тоқтамыс” ауылының белгілі тұрғыны Әбішев Нұрымханның шаңырағына келдік. Тоқтамыс батыр бұл отбасының бабасы болып келеді екен. Тоқтамыс батырдың ұрпақтарымен кездесуді жөн көрдік.
Алдымыздан Ғабдуллина Айжан Қабдырахманқызы шықты. Айжан Қабдырахманқызы Жанғазы Молдағалиев атындағы орта мектептің “Аға мұғалімі”, “Қазақстан білім беру ісінің үздігі” төс белгісімен марапатталған ұстазбен сұхбаттастық.
Қаһарман батыр-Тоқтамыс Лақаұлының ерліктерін айта отырып, бес қарудың бәріне де ұста болғандығын айтты. Әсіресе, найзагерлігімен ерекше даңқы шыққандығына тоқталды. Сонымен қатар батырдың заттары осы күнге қалай жеткендігін айтып өтті.
Тоқтамыс батырдың тікелей ұрпағы Әбіш Қарсамбекұлы батырдың туын шапанының астына тігіп алған. Ал қару-жарағын тау ішіне жасырып ұрпағына жеткізген. Кейін Әбіш ақсақал өмірінің соңында баласы Нұрымханның қолына табыстаған.
Нұрымхан Әбішұлы әкесінен аманат етілген жәдігерлерді балаларына қалдырған. Тоқтамыс батырдың қылышы үлкен ұлы Нұрымханов Несіптайдың үйінде сақтаулы екен. Ал батырдың туы және найзасының ұшы, сабақ жебесі Ақылтай Нұрымханұлының үйінде сақтаулы тұр екен.
Тоқтамыс батырдың жорықтарға алып шығып, желмен дүрілдей көтеріліп, жауынгерлердің жеңіске деген рухын көтерген Туын көзімізбен көріп, ерекше сезімде болдық.

Киелі шаңырақ қонақжайлықтарын көрсетіп, дастархан жайып, ерекше көңілдерін білдірді.
#білімбасқармасы
#біртұтас_тәрбие
#bilimastana
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi
#профильдіклагерь
#жазғылагерь

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *