“БАЛДӘУРЕН” МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Бүгін лагерьдің екінші кезеңі салтанатты түрде аяқталды. Балалар “Бауырсақ” ертегісін қойып, би билеп, ән айтты. Балаларға ерекше әрі есте қаларлықтай “Көктал” саябағында керемет пикник ұйымдастырдық. Жасыл желек жамылған саябақ, таза ауа, шуақты күн – барлығы балаларға керемет күн сыйлады. Балалар бір-бірімен ойнап, доп теуіп, асыр салып, табиғатты тамашалап, қызықты ойындар ойнады.Күлімдеген сәттер мен көңілді күндер балалардың жүрегінде мәңгі сақталмақ!
#мектепжанындағылагерь
#жазғылагерь