"АБАЙ ӘЛЕМІ" ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Бүгін 2019 жылдың 16 сәуір күні "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған "Абай әлемі" қалалық байқауында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің оқушылары Орынбасар Нұрислам "Абайдың ғибраты" номинациясы бойынша І орынды, Айдарбек Санжар "Әнді сүйсең менше сүй" номинациясында ІІІ орынды, "Талаптың мініп тұлпарын" номинациясында Сагиева Медина дипломмен марапатталды. Дайындаған ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.
